Scribble Maps анықтама орталығы
Тілді өзгерту

Бір пішіннен екінші пішінге түсті/стильді/қалыңдықты көшіру

Екі пішін сызу

Әр пішінді сызбас бұрын параметрлерді мына тұрғыда өзгертіңіз, әр пішіннің мыналары әртүрлі болсын:

  • Бояу аймағының түсі.
  • Шекара түсі.
  • Шекара стилі.
  • Шекара қалыңдығы.
Бұл параметрлерді қалай өзгертуді білу үшін мына сілтемелерге өтіңіз:
 

Пішіннің (шеңбер/тіктөртбұрыш/көпбұрыш) шекарасы мен бояу аймағының түстерін өзгерту

Пішіннің (шеңбер/тіктөртбұрыш/көпбұрыш) шекарасының стилін өзгерту

Пішіннің (тіктөртбұрыш, шеңбер, көпбұрыш) шекарасының қалыңдығын өзгерту

Пішіндерді қалай сызуды білу үшін мына сілтемелерге өтіңіз:
 

Бояу аймағының түсін көшіру

  1. Жоғарғы құралдар тақтасынан "Стиль таңдау құралы" құралын таңдаңыз.
    Жылдам перне: Немесе пернетақтадағы "I" пернесін басуға болады.
     
  2. Карта көрінісінде түсін көшіргіңіз келетін бастапқы пішіннің бояу аймағының үстіне апарып, басыңыз.
    Жоғарғы құралдар тақтасында "Бояуды өзгерту. Тұйықталған сызықтарды бояу" деген қалқымалы кеңесті көрсететін Бояу түсін таңдау құралының түсі өзгергенін көресіз.
     
  3. Жоғарғы құралдар тақтасынан "Бояу/Түсті өзгерту құралын" таңдаңыз.
    Жылдам перне: Немесе пернетақтадағы "G" пернесін басуға болады.
     
  4. Карта көрінісінде түсті көшіргіңіз келетін межелі пішіннің бояу аймағының үстіне апарып, басыңыз.
    Бояу аймағының түсі өзгергенін көресіз.
     
 

Шекараның түсін/стилін/қалыңдығын көшіру

  1. Жоғарғы құралдар тақтасынан "Стиль таңдау құралы" құралын таңдаңыз.
    Немесе пернетақтадағы "I" пернесін басуға болады.
     
  2. Карта көрінісінде параметрлерін көшіргіңіз келетін бастапқы пішіннің шекарасының үстіне апарып, басыңыз.

    Жоғарғы құралдар тақтасында "Сызық/шекара түсін өзгертеді" деген қалқымалы кеңесті көрсететін Шекара түсін таңдау құралының түсі өзгергенін көресіз.

    Сондай-ақ шекараның мына параметрлері де өзгергенін көресіз;
    • Стиль.
    • Қалыңдығы.
     
  3. Жоғарғы құралдар тақтасынан "Бояу/Түсті өзгерту құралын" таңдаңыз.
    Немесе пернетақтадағы "G" пернесін басуға болады.
     
  4. Карта көрінісінде параметрлерді көшіргіңіз келетін межелі пішіннің шекарасының үстіне апарып, басыңыз.
    Шекараның түсі/стилі/қалыңдығы өзгергенін көресіз.

Қосымша мүмкіндіктер

Ескертпе:
Сондай-ақ мыналарды көшіруге болады:
  • Сызықтың түсін/стилін/қалыңдығын/ұшының стилін басқа сызыққа.
  • Сызықтың түсін/стилін/қалыңдығын пішіннің шекарасына.
  • Сызықтың түсін/қалыңдығын жазудың шекарасына.
  • Жазудың бояу аймағының түсін және шекарасының түсін/қалыңдығын басқа жазудың бояу аймағына және шекарасына.
  • Жазудың шекарасының түсін/қалыңдығын сызыққа.
  • Жазудың шекарасының түсін/қалыңдығын пішіннің шекарасына.
  • Жазудың бояу аймағының түсін пішіннің бояу аймағына.
  • Пішіннің шекарасының түсін/стилін/қалыңдығын сызыққа.
  • Пішіннің бояу аймағының түсін және шекарасының түсін/қалыңдығын жазудың бояу аймағына және шекарасына.
 
 
 

Соңғы жаңартылған уақыты